Алматы облысында 80-нен асқан әжейді өз үйінде буындырып, тонап кетті
Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo . Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғын

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.
28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмысын толығымен мойындаған.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.
Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Дереккөз: Халық үні
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·