Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адамның әрекетіне не түрткі болғаны белгілі болды
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл – алдын ала мәлімет екенін, оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы халықаралық әуежайында өзін өртемек болған ер адамның бұл қадамына азаматтық

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл – алдын ала мәлімет екенін, оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алматы халықаралық әуежайында өзін өртемек болған ер адамның бұл қадамына азаматтық жұбайымен арадағы жанжал себеп болғаны анықталды.
Еске сала кетейік, 25 тамызда әуежайда ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға әуежайдың жұмысына еш әсер етпеген. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
43 градус ыстық: «Қазгидромет» 18-20 маусым күндері сақ болуды ескертті
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·