Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін

Алматы қаласының мәслихат депутаттары жаңа әкімді тағайындау мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo . Мәслихаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар жиналысы 2025 жылғы 24 мамырда сағат 12:00-ге жоспарланған. «2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Респуб

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін
Алматы қаласының мәслихат депутаттары жаңа әкімді тағайындау мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Мәслихаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар жиналысы 2025 жылғы 24 мамырда сағат 12:00-ге жоспарланған.
«2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды»,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған. Оған дейін ол Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарды.

Ұқсас материалдар

Алматы әкімі Ерболат Досаев еттең қызметінен кетуі мүмкін · Todayinfo