Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Фото: gov.kz Абай облысының Мақаншы ауданында Алакөл жағалауын шайып кету қаупі болғандықтан төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аудан әкімі Дәурен Қойгелдин қол қойған 8 қыркүйектегі аудандық ТЖ комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес 10 қыр

Фото: gov.kz
Абай облысының Мақаншы ауданында Алакөл жағалауын шайып кету қаупі болғандықтан төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі Дәурен Қойгелдин қол қойған 8 қыркүйектегі аудандық ТЖ комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес 10 қыркүйектен бастап жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай күшіне енді. Бұған Қабанбай ауылдық округіндегі Алакөл жағалауын шайып кету қаупі себеп болған.
Құжатта көрсетілгендей, аймақтың інжу-маржаны саналатын Алакөл жағалауында демалыс үйлері мен өзге де нысандар орналасқан. Табиғи апат салдарынан шаруашылық қызметке келуі мүмкін залал арнайы құқықтық режим енгізуге негіз болды.
Төтенше жағдайды жою жұмыстарын үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаеваға жүктелді. Айта кетейік, жуырда облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында туризмді дамыту мәселелері қаралып, Алакөл жағалауының бас жоспарын әзірлеу талқыланған еді.
Басқарма мәліметінше, биыл жағалауды абаттандыруға облыстық бюджеттен 658 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктердің айтуынша, арбатта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 25 киім ауыстыратын кабина, 50 контейнер, 2 биодәретхана, 3 заманауи дәретхана орнатылған. Сондай-ақ 7 пирстің 3-еуі пайдалануға беріліп, жаңа қоғамдық аумақ құрылысы аяқталған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·