Айыппұлы жоғары: жаяу жүргіншінің үстіне көлік доңғалағынан шалшық, батпақ шашыратудың жазасы қандай?
Жаяу жүргіншіге балшық шашқан жүргізуші соттан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңаөзен қалалық сотында жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Оқиға былтыр 28 желтоқсанда Жаңаөзен қал

Жаяу жүргіншіге балшық шашқан жүргізуші соттан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жаңаөзен қалалық сотында жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Оқиға былтыр 28 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының Бостандық шағынауданында болған. Жүргізуші «Mersedes» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жаяу жүргіншінің үстіне балшық шашып, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын құқық бұзушылық жасады.
Сот отырысында жүргізуші кінәсін мойындап, кешірім сұрайтынын, айыппұл түріндегі жазаны қолдануды сұрады.
Жүргізушінің кінәсі жәбірленушінің көрсетулерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотоматериалдармен және басқа да құжаттармен дәлелденді.
Сот қаулысымен көлік жүргізушісі ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86500 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·