Айлакер ректор: Абай атындағы ҚазҰПУ ғимаратты өз өздеріне жалға берген
Фото: http://izo-studia.kz/ Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірқатар нысандары бұрынғы ректор Тоқмұхамед Садықовтың отбасымен және оған жақын тұлғалармен байланысты адамдардың қолына заңсыз өткенін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 2003ж. аума

Фото: http://izo-studia.kz/
Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірқатар нысандары бұрынғы ректор Тоқмұхамед Садықовтың отбасымен және оған жақын тұлғалармен байланысты адамдардың қолына заңсыз өткенін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2003ж. аумағы шамамен 1400 шаршы метрлік оқу-спорт корпусы небәрі 5 млн теңгеге сатылған. Қазір оның құны 135 млн теңге деп бағаланып отыр. Бірақ осы ғимарат жекенің иелігінде болған жылдары университет оны өз қажеті үшін ай сайын 1–2 млн теңгеге жалдап, нәтижесінде 79 млн теңгеге жуық қаржыны сыртқа төлеген.
Сол сияқты жатақхана жанындағы павильон да Садықовқа жақын адамдар арқылы бірнеше рет қайта сатылып, соңында оның туыстарына «сыйға тарту» жолымен рәсімделген. Бүгінде бұл нысанда тәулік бойы алкоголь өнімдері сатылатын орын жұмыс істейді. Қазіргі нарықтық құны 140 млн теңге.
Сот барлық мәмілені заңсыз деп танып, ғимараттарды мемлекет меншігіне қайтарды.
Бұл кездейсоқ қателік емес, отбасылық схема. Мемлекеттік университет жылдар бойы ректор мен оның айналасындағы туыстардың табыс көзіне айналған. Университет өз ғимаратын өзі жалға алып отырса бұдан асқан абсурд бар ма? Мұндай істер үшін тек мүлікті қайтару аз, нақты жауапкершілік болуы керек.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·