АЭС салу бойынша референдум қорытындысы жарияланды
Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша референдум қорытындысы жарияланды. Фото: rosenergoatom.ru Атом электр станциясын салуды "жақтағандар" – 69,8 пайыз. Ал салуға "қарсы" шыққандар – 30,2 пайыз. Сауалнамаларды "Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер инс

Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша референдум қорытындысы жарияланды.
Фото: rosenergoatom.ru
Атом электр станциясын салуды "жақтағандар" – 69,8 пайыз. Ал салуға "қарсы" шыққандар – 30,2 пайыз.
Сауалнамаларды "Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жүргізді.
Айта кетейік, 6 қазанда елімізде АЭС салу бойынша референдум өтті. Алғашқылардың бірі болып премьер-министр дауыс берді. Кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді. Сосын еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп дауыс беріп, қазақ халқына бақыт тіледі.
Орталық референдум комиссиясы әрбір екі сағат сайын дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының дерегін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес тізімге енгізілген азаматтардың 63,87%-ы бюллетень алды. Яғни дауыс беруі керек болған 12 миллион 244 683-тің 7 миллион 820 мың 918-і дауыс берді.
Еске салайық, Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·