Алматыдағы жол апаты туралы айтқан заңгер Молдахан Әділетхан қамалды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz. - Әділетханды Алматы қаласының полиция департаменті қамауға алып отыр. Бірақ не себепті екенін білмей отырмыз. Заңсыз
Алматыдағы жол апаты туралы айтқан заңгер Молдахан Әділетхан қамалды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz.
- Әділетханды Алматы қаласының полиция департаменті қамауға алып отыр. Бірақ не себепті екенін білмей отырмыз. Заңсыз қамауға алып отыр. Кейінгі кездері әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы резонанс тудырған еді. Біраз кісілердің атын айтты. Соған қатысты ма? Нақты білмейміз, – дейді заңгердің көмекшілері.
Біз бұл жағдайға қатысты Алматының полиция департаментінен түсініктеме беруін сұрадық. Департамент өкілдері қысқаша жауап берді.
- Алматы қаласының Полиция департаменті азамат Молдаханға қатысты 274 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Яғни көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр, – дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.