Әділ Ғалиахметов – шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері!
Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Д

Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Денис Никиша жарыста 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келгенмен, жүлдесіз қалды. Ол қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальдан айырылды.
Алтын мен күміс медаль Оңтүстік Корея спортшыларына берілді. Алтын жүлдені мәреге екінші болып келген Пак Дживон алды. Ал финишке үшінші болып жеткен Чан Сунву екінші орынға лайық деп танылды.
Денис Никиша жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·