Абай облысында жоғалған қыздың денесі табылып, анасы қамауға алынды
Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлады КТК телеарнасы. Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз т

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсірген. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, «қызым таксиге мініп кетті» деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарық- ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір қандықол әйел қамауға алынып, тергеу жүргізілңп жатыр.
«Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов,
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·