Абай облысында балалар қазасына себепкер болған жүргізушіге үкім шықты
Абай облысында төрт баланы қағып кеткен жүргізушіге 9 жыл түрме жазасы тағайындалды.

Абай облысындағы Бестерек ауылында орын алған қайғылы жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Ресми мәліметке сәйкес, 55 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға кезінде эпилепсия ұстамасына ұшыраған.
Бұл апат 2023 жылдың 19 тамызында тіркелген. Есінен айырылған жүргізуші үйдің қақпасы алдында тұрған балаларды қағып кеткен. Нәтижесінде төрт бала сол жерде көз жұмып, тағы екі бала ауыр жарақат алған.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында ер адам эпилепсия диагнозына қарамастан бірнеше рет көлік жүргізгені анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, зардап шеккен тарапқа жартылай өтемақы төлеген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·