«6 айда 1,1 триллион теңге салық төлеген»: Тоқаев Kaspikz-тің негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo. Олар Тоқаевқа Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берг

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.
Олар Тоқаевқа Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берген.
Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. 2024 жылдың 6 айында аталған қызметтер арқылы бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салықтар мен басқа да төлемдер түскен.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңызды екенін атап өтіп, Kaspikz акционерлеріне қолдау білдірді.
Ұқсас материалдар

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

AQORDA
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

AQORDA
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·