Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

4,5 млн теңге пара алған Хаменова түрмеден босап шықты: сот шешімі белгілі болды

4,5 миллион теңге пара алды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова бостандыққа шықты. Сот оның жазасын жеңілдетті.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
4,5 млн теңге пара алған Хаменова түрмеден босап шықты: сот шешімі белгілі болды

Жемқорлық ісі бойынша сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова бостандыққа шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Атырау қалалық соты оның бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін бостандығын шектеу жазасына ауыстырды. Енді ол пробациялық бақылауда болады.

Бұған дейін, 2022 жылдың қарашасында сот Хаменованы Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жобасы аясында 4,5 миллион теңге пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда, кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі үш жылға кейінге қалдырылған еді. Соттың жаңа шешіміне экс-шенеуніктің осы уақыт аралығында ешқандай заң бұзбағаны негіз болған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар