“Жерасты суларының көтерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дренаждық жүйелер орнатылуда. Бүгінде 20 жүйе іске қосылды, ал алдағы уақытта тағы 5–6 жүйе қосу жоспарланып отыр. Сондықтан мәселе бақылауда”, – деді әкімдік өкілі.Фото: gov.kz
43 мың адам тұратын ауылға қауіп төніп тұр: тұрғындар көшіруді сұрайды
Маңғыстау облысында жер асты суларының көтерілуі тұрғындарға қиындық туғызуда. Соның салдарынан кейбір ауыл тұрғындары үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Мұндай жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында байқалып отыр. КТК телеарнасының мәліметінше, ауыл халқы би

Маңғыстау облысында жер асты суларының көтерілуі тұрғындарға қиындық туғызуда. Соның салдарынан кейбір ауыл тұрғындары үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болған. Мұндай жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында байқалып отыр.
КТК телеарнасының мәліметінше, ауыл халқы биліктен өздерін қауіпсіз аймаққа көшіруді сұраған. Алайда аудандық әкімдік тұрғындарды көшіру мәселесі тек үйлер ресми түрде апатты деп танылған жағдайда ғана қарастырылатынын айтқан.
Қазіргі таңда шамамен 43 мың адам тұратын Атамекен ауылында әзірге үш үй ғана апатты деп танылған.
Тұрғындардың сөзінше, мұндай мәселе жыл сайын қайталанып отырады. Олар көктем мезгілінде жер асты сулары көтеріліп, жаз бойы сақталатынын, ал күзде қайта жиналатынын айтады.
Қазір суды азайту үшін арнайы вакуумдық сорғылармен айдап шығару жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен ауыл тұрғындары сорылған су біраз уақыт өткен соң қайта жиналатынын жеткізді.
Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұханның айтуынша, жағдайды реттеу үшін бірқатар уақытша шаралар қолға алынған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·