Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«40 қабатты сәнді кешен»: RAMS BEYOND жобасы Алматының жаңа сәулеттік символына айналмақ

Алматыда еліміздегі ең ауқымды құрылыс жобаларының бірі саналатын RAMS BEYOND ALMATY кешенінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақ – танымал түрік актері Бурак Өзчивит қатысты. Актер жоба туралы жылы пікір білдіріп, оны Алматының жаңа сәулеттік символын

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··3 мин оқу
«40 қабатты сәнді кешен»: RAMS BEYOND жобасы Алматының жаңа сәулеттік символына айналмақ
Алматыда еліміздегі ең ауқымды құрылыс жобаларының бірі саналатын RAMS BEYOND ALMATY кешенінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақ – танымал түрік актері Бурак Өзчивит қатысты. Актер жоба туралы жылы пікір білдіріп, оны Алматының жаңа сәулеттік символына айналатын нысан деп атады. Түрік актеры RAMS BEYOND жобасының ресми амбассадоры ретінде жұмыс істемек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. RAMS QAZAQSTAN компаниясы қолға алған бұл жоба 50 мың шаршы метр аумақты қамтиды. 40 қабатты алып ғимарат Қазақстандағы ең биік бизнес, әрі тұрғын үй кешені болмақ. Жоба тек сәулеттік жағынан ғана емес, экономикалық, туристік және мәдени тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Кешен құрамында:
  • әлемдік брендтер ұсынылатын заманауи сауда орталығы,
  • халықаралық деңгейдегі 5 жұлдызды қонақүй,
  • спорт және мәдени демалыс аймақтары,
  • A+ класты кеңселер мен жоғары санатты тұрғын үйлер болады.
Аталған кешен «бәрі бір жерде» қағидатына негізделіп салынбақ. Инфрақұрылымның жан-жақтылығы тұрғындарға барынша жайлы өмір сүру мен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, жобаның шолу алаңынан Алматының тау сілемдері айқын көрініп, қалаға ерекше көрік береді. RAMS BEYOND ALMATY – Алматыны Орталық Азиядағы инвестициялық орталыққа айналдыруды көздейтін жобалардың бірі. Бұл мақсатта италиялық Etro компаниясымен келісімге келіп, брендтелген резиденция үлгісін алғаш рет Қазақстанға алып келмек. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 500 миллион АҚШ доллары. Құрылыс барысында 1800 адам жұмыспен қамтылып, нысан толық іске қосылған соң тағы 2500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылысты толық аяқтау мерзімі — 4 жыл. RAMS компаниясының өкілдері жоба Алматының сәулеттік келбетіне ғана емес, оның мәдени және экономикалық дамуына да серпін беретінін атап өтті. Бурак Өзчивиттің айтуынша, бұл жоба — Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстың нығая түскенінің көрінісі.
«Мені бұл жоба өзінің бірегей ерекшелігімен қызықтырады. Алматыға он жылдан бері келіп тұрам. Атажұрт мен үшін ерекше, Алматыда үлкен жобаның іске асуы қаланың сәнін арттыра түседі. Енді бұл жоба бойынша жиі келемін. RAMS BEYOND ALMATY әлемдегі сәнді танымал ғимараттардың біріне айналады», - деді жобаның ресми амбассадоры Бурак Өзчивит.
RAMS компаниясының басшылары күніне BEYOND ALMATY аумағына 25 мың адам келеді деп отыр. 40 қабатты ғимарат Тимирязев-Сейфуллин-Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысқан аумағында орналасады. Аумағы 5 гектарға жуықтаса, оның 2,5 гектары көгалды аумаққа айналады. Көк тіреген биік ғимарат қаладағы ең сәулетті де сәнді орталыққа айналып, 2030 жылға қарай толықтай қолданысқа берілмек. Фото: @rakhimberlinturar

Ұқсас материалдар

«40 қабатты сәнді кешен»: RAMS BEYOND жобасы Алматының жаңа сәулеттік символына айналмақ · Todayinfo