Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

"4 адам оққа ұшқан": Жамбыл әкімі Мойынқұмдағы атысқа байланысты үндеу жасады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сойынқұмдағы адамтүршігерлік қылмысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo. «Мойынқұм ауданындағы оқиға – басты назарда. Жастар арасында болған құқықбұзушылыққа байланысты тиісті органдар шұғыл әрекет етуде. Мемлекет басшысы Қас

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
"4 адам оққа ұшқан": Жамбыл әкімі Мойынқұмдағы атысқа байланысты үндеу жасады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сойынқұмдағы адамтүршігерлік қылмысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мойынқұм ауданындағы оқиға – басты назарда. Жастар арасында болған құқықбұзушылыққа байланысты тиісті органдар шұғыл әрекет етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады», - деді әкім.
Ол барша жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырды.
«Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз, әділетті және бірлікке негізделген қоғам құру», - деді ол.
Еске салсақ Мойынқұмда атыс болып, 4 адам ауруханаға түсіп қалды. Оқиғаға байланысты екі күдікті іздеуде жүр. Олар оқ жаудырып болған соң, «Лэнд крузер» көлігімен қашып кеткен. Фото: Gov.kz

Ұқсас материалдар

"4 адам оққа ұшқан": Жамбыл әкімі Мойынқұмдағы атысқа байланысты үндеу жасады · Todayinfo