«2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар атқарылады», - деп мәлімдеді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.Алматы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен жылы маусым айында пайдалануға беррілді. Жаңа терминал тек халықаралық әуе қызметі бойынша адамдарды өткізеді.
362 млн доллар инвестиция: Алматы әуежайы қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болды
Түркиялық TAV Holding холдингі алдағы бес жылда Алматы әуежайын тағыда өзгертпек. Шетелдік компания 362 млн доллар инвестиция құятын болды, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстанның Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. О

Түркиялық TAV Holding холдингі алдағы бес жылда Алматы әуежайын тағыда өзгертпек. Шетелдік компания 362 млн доллар инвестиция құятын болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстанның Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осы құжат аясында әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы жүзеге асырады:
2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын ашады;
әуежай аумағында ACI орталығымен аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·