«ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар, тыл еңбеккерлеріне төлемді 100 мың теңгеге дейін жеткіземіз, яғни екі есеге арттырамыз. Сіздің өтінішіңіз негізінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс енгіземіз», - деді Ерболат Досаев.Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 31 ҰОС ардагері мен 8 мүгедек тұрады
31 соғыс арадагері қалған: Ерболат Досаев Алматыдағы әрбір ардагерге 5 млн теңгеден біржолғы төлем бермек
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселесі талқыланған ардагерлер кеңесінде соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік төлемді 5 млн теңгеге дейін жеткізу мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo. Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы А

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселесі талқыланған ардагерлер кеңесінде соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік төлемді 5 млн теңгеге дейін жеткізу мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.
Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов Алматыда жоғары деңгейде ТМД елдерінен келген делегациялардың қатысуымен ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған халықаралық акция өткенін атады.
Ардагерлер кеңесінің мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлемдерді арттыру мүмкіндігін жақсы қабылдады. Қала басшысы келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ерболат Досаев биыл ҰОС ардагерлеріне берілген төлемдер 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көбейгенін еске салды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Пенсии по-новому: рабочая группа рассматривает несколько сценариев изменений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Скрытая причина роста цен – как дорожает логистика?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жүргізуші қалғып кеткен: Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
В Актюбинской области партийцы и киберполиция объединились против интернет-мошенников
Жаннұр Еділбаева·