Ата заңдағы өзгеріс: Конституция күні 30 тамыз болмауы мүмкін
Қазақстанда Конституция күні өзгеруі мүмкін. Жаңа Негізгі заң жобасы бойынша мереке референдум өткен күні бекітіледі. Бұл 30 тамыз болмауы да ықтимал.

Қазақстанда 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні басқа күнге ауысуы ықтимал. Бұл елдің жаңа Негізгі заңын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қай күні өтетініне тікелей байланысты болады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жаңа Конституция жобасында бұл туралы нақты жазылған. Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция республикалық референдумда қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдан бері қазақстандықтар Конституция күнін 30 тамызда тойлап келеді. Дәл осы күні жалпыхалықтық дауыс беру арқылы елдің қазіргі Негізгі заңы қабылданған еді. Биыл 30 тамыз жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан жаңа референдумды осы күнге белгілеу мүмкіндігі бар. Алайда, егер референдум басқа күні өтсе, онда Қазақстандағы басты мерекелердің бірінің датасы да өзгереді.
Жобада көрсетілгендей, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Сол сәттен бастап бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы тоқтатылады.
Сонымен қатар, жаңа Конституция күшіне енген кезде қолданыста болған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·