20 жыл бойы Ресейде жасырынған күдікті елге қайтарылды
Бас прокуратура есірткі контрабандасы мен қылмыстық қоғамдастыққа қатысы бар азаматты Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Ол 20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Todayinfo. Күдікті 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий тасымалда

Бас прокуратура есірткі контрабандасы мен қылмыстық қоғамдастыққа қатысы бар азаматты Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Ол 20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Todayinfo.
Күдікті 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың құрамына кірген. Ол есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және басқа мүшелерге жеткізу міндеттерін атқарған.
2003 жылы Қызылорда мен Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операция кезінде топтың бірнеше мүшесі ұсталып, 35 кг героин мен 28 кг опий тәркіленген. Олар сотталып, жазасын өтеп жатыр. Ал күдікті сол кезде ізін суытып үлгерген.
20 жыл бойы жасырынып жүрген азамат 2024 жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланып, қазіргі таңда тергеу изоляторында отыр.
Айыпталған қылмыстар үшін Қылмыстық кодекс бойынша оның мүлкін тәркілеумен қатар, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·