20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияға ұшып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалды
Ақтаудан Грузияға түнгі рейспен ұшып кеткеннен кейін жас жігітпен байланыс үзілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. "Lider.kz" іздеу жасағының еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздестіріп жатыр. Туыстары онымен 18 тамыз, дүйсенбі күні байланысын жоғалтқан. Мә

Ақтаудан Грузияға түнгі рейспен ұшып кеткеннен кейін жас жігітпен байланыс үзілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
"Lider.kz" іздеу жасағының еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздестіріп жатыр. Туыстары онымен 18 тамыз, дүйсенбі күні байланысын жоғалтқан.
Мәліметтерге сенсек, ол әуежайда түнгі рейспен Ақтаудан Тбилисиге ұшып кеткен. Шекарадан өткені анықталды. Алайда содан кейін байланысқа шықпаған.
Белгілері: бойы – 175 см, орта дене бітімді.
Туыстары мен жақындары іздеуге көмектесуді сұрайды.
Кімде-кімде Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуды өтінеді:
+7 (700) 499-7292 немесе 102.
Фото: "Lider.kz"
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
43 градус ыстық: «Қазгидромет» 18-20 маусым күндері сақ болуды ескертті
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·