Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«18 жастағы жігіт қаза тапты»: АҚШ-та бейтаныс отбасының тойына барып, оқ жаудырған адам ұсталды

АҚШ-та отбасылық мереке кезінде атыс болған, салдарынан бір адам қаза тауып, ондағаны жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Полицияның мәлімдеуінше, белгісіз адам отбасылық жиын-тойға келген. Үй иелері оның кетуін сұраған, сол кезде күдікті адамдарға оқ жау

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«18 жастағы жігіт қаза тапты»: АҚШ-та бейтаныс отбасының тойына барып, оқ жаудырған адам ұсталды
АҚШ-та отбасылық мереке кезінде атыс болған, салдарынан бір адам қаза тауып, ондағаны жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Полицияның мәлімдеуінше, белгісіз адам отбасылық жиын-тойға келген. Үй иелері оның кетуін сұраған, сол кезде күдікті адамдарға оқ жаудырған. Оған қарсы тараптан да жауап ретінде бірнеше адам да қару қолданған. Құқық қорғаушылар келген кезде оқ атылып жатқанын естіп, жараланғандарды әр жерден жинап алған. Зардап шеккендердің бір бөлігі жақын маңдағы Jack in the Box дәмханасына жеткізілсе, басқалары өз бетімен ауруханаға барған. 16 мен 40 жас аралығындағы 15 адам ауруханаға жеткізілген. 18 жастағы жігіт медициналық мекемеде көз жұмған. Полиция бірнеше күдіктіні ұстаған. Қазір олардың кім екенін және атысқа себеп болған жағдайды анықтап жатыр. Фото: KTRK

Ұқсас материалдар

«18 жастағы жігіт қаза тапты»: АҚШ-та бейтаныс отбасының тойына барып, оқ жаудырған адам ұсталды · Todayinfo