18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті
Фото: Алматы облысының әкімдігі Астана қаласында ауыл оқушыларының республикалық олимпиадасы өтті. Алматы облысы жүлде қоржынына 18 медаль салды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. 2025 жылдың 25-29 қараша күндері Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған р

Фото: Алматы облысының әкімдігі
Астана қаласында ауыл оқушыларының республикалық олимпиадасы өтті. Алматы облысы жүлде қоржынына 18 медаль салды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
2025 жылдың 25-29 қараша күндері Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы облысының оқушылары келесі нәтижелерге жетті:
І орын (алтын) – 6 оқушы:
* Теремко Олег, Қарасай ауданы, «Долан ауылындағы жайлы мектеп», 10 сынып
* Аюпов Расулжан, Талғар ауданы, №29 жалпы білім беретін орта мектеп, 10 сынып
* Мецлер Альберт, Талғар ауданы, ЖББМ «ДАНА», 10 сынып
* Нурланұлы Адлет, Іле ауданы, №38 мектеп-гимназия, 11 сынып
* Бекмұхамет Айару, Іле ауданы, №36 орта мектеп, 9 сынып
* Адбыхамыт Нұрислам, Еңбекшіқазақ ауданы, «Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі», 11 сынып
ІІ орын (күміс) – 7 оқушы:
* Ильжанова Мадина, ЖББМ «ДАНА», 11 сынып
* Камзин Алан, ЖББМ «ДАНА», 9 сынып
* Брастин Назар, Талғар ауданы, №17 орта мектеп
* Ербол Арлан, Талғар ауданы, №26 орта мектеп, 11 сынып
* Ширбеков Юсуф, ЖББМ «ДАНА», 10 сынып
* Сембин Амир, ЖББМ «ДАНА», 9 сынып
* Манғаз Еркежан, Талғар ауданы, №18 жалпы білім беретін орта мектеп, 11 сынып
ІІІ орын (қола) – 5 оқушы:
* Абдрашит Алихан, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп-лицей, 10 сынып
* Аликулова Асель, Іле ауданы, №40 орта мектеп, 11 сынып
* Юрьев Амир, Ұйғыр ауданы, №1 Шонжы мектеп-лицей, 11 сынып
* Еренсіз Дәулет, Қарасай ауданы, «KursasAnt Bilim Group» ЖШС, 11 сынып
* Тұрысбек Әдемі, Жамбыл ауданы, Қарасу орта мектеп, 10 сынып.
Командалық есепте Алматы облысы І орынды иеленді, бұл облыстың ауыл мектептері оқушыларының білім деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұқсас материалдар

Алматы облысы
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Алматы облысы
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·