1,2 млрд теңге мен 13 автокөлік тәркіленді: адамдарды алдап соққандар ұсталды
Фото: istockphoto.com Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды операция жүргізіп, "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, Алаяқтық жүйенің ұйымдастырушылары азаматтарға жылжымайт

Фото: istockphoto.com
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды операция жүргізіп, "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты,
Алаяқтық жүйенің ұйымдастырушылары азаматтарға жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және тұрмыстық тауарларды сатып алуға қаражат салуды ұсынып, салым сомасына ай сайын 30%-ға дейін пайда табуға уәде еткен.
Тінту шаралары барысында 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол ақша, сондай-ақ премиум санатындағы 13 автокөлік тәркіленді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі азамат ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда, алайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық туралы қандай да бір мәлімет белгілі болса, оны "АФМ Insider" телеграм-боты арқылы хабарлауға болады. Анонимдік кепілдендіріледі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·