«11 млрд теңге»: Жетісу облысында 100-ден астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды
Жетісу облысында аудандық білім бөлімі бюджет ақшасын тиімсіз жұмсамақ болған, деп хабарлайды T odayinfo агенттігі. Облыстың прокурорлары мемлекеттік сатып алу кезінде 3 млрд теңгеден астам сомадағы бұзушылықтардың алдын алды Прокурорлар Алакөл аудандық білім бөлімінің дизель оты

Облыстың прокурорлары мемлекеттік сатып алу кезінде 3 млрд теңгеден астам сомадағы бұзушылықтардың алдын алды
Прокурорлар Алакөл аудандық білім бөлімінің дизель отынын сатып алуға адал бәсекелестік қағидатын бұзуына байланысты мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.
Тапсырыс берушімен техникалық спецификацияда сатып алынатын дизельдік отынның 2018 жылдан бастап елге әкелуге тыйым салынған К2 нормасына (жанармайдың экологиялық класы) сәйкес келу қажеттілігі туралы негізсіз көрсетілген.
Сонымен қатар басқа өңірлерде де (Кербұлақ, Көксу, Сарқан, Ақсу, Қаратал, Панфилов аудандары) 2,3 млрд теңгеге ұқсас конкурстар кезінде бұзушылықтар анықталған, бірақ басқа да бұзушылықтар бойынша.
Бұл жағдайларда бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада міндетті талап болып табылатын негіздемелік келісімді пайдаланбаумен байланысты болды.
Қадағалау актісі бойынша конкурстар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 11 миллиард теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз конкурстардың күшін жойып, 100-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас материалдар

Экономика
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Экономика
Алматы-Варшава: Еуропаға тікелей әуе рейсі іске қосылады
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Alstom Арыста электровоз депосын салады: 50 млн еуро инвестиция
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Қызылордада шыны зауытының іргетасы қаланды: 60 млрд теңге инвестиция
Todayinfo редакциясы·