«100 полицей жараланған»: Мексика жастары көтіріліске шықты
Мексикада «Generation Z» ұранмен мыңдаған адам көшеге шықты. Олар қылмысқа қарсы болған мэрдің өлтірілгеніне наразылық білдірген, деп хабарлайды Todayinfo Reuters -ке сілтеме жасап. Мехиконың орталығында жағдай ушықты. Бетперде киген наразы топ Ұлттық сарайды қоршаған темір қорша

Мексикада «Generation Z» ұранмен мыңдаған адам көшеге шықты. Олар қылмысқа қарсы болған мэрдің өлтірілгеніне наразылық білдірген, деп хабарлайды Todayinfo Reuters-ке сілтеме жасап.
Мехиконың орталығында жағдай ушықты. Бетперде киген наразы топ Ұлттық сарайды қоршаған темір қоршауларды бұзып тастады. Бұл президент Клаудия Шейнбаум тұратын резиденцияның алдында болған. Полиция жағдайды бақылауға алу үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
Қоғамдық қауіпсіздік хатшысы Пабло Васкестің мәліметінше:
• 100 полиция қызметкері жараланған, оның 40-ы ауруханаға түскен;
• 20 азамат жарақат алған;
• 20 адам ұсталды, тағы 20 адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Елдің түрлі аймақтарында да наразылық шеруі өтті. Әсіресе Мичоакан штатындағы Уруапан тұрғындары ашулы. Себебі 1 қарашада қала мэрі Карлос Мансо «Өлілер күні» шарасында жұрттың көзінше атып өлтірілген.
Мексикадағы қоғамдық толқулар әзірге басылар емес. Жастар зорлық-зомбылықтың күшеюін тоқтатуды талап етуде.
Фото:REUTERS/Toya Sarno Jordan
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Қыздың беті өз үйінде ашылды»: Жәкішевтер әулетінің тойы қызу талқылануда
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье
Жаннұр Еділбаева·