10 жылдық Қазақстан ауылында бір мезетте жаппай дауыс беру өтті
Көксу ауданына қарасты 10 жылдық Қазақстан ауылында республикалық референдум күні ерекше белсенділік байқалды. №264 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары бір мезетте жаппай дауыс беруге келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Атап айтқанда, «10 жыл Қазақстан» ауылының 200-ге жуық

Көксу ауданына қарасты 10 жылдық Қазақстан ауылында республикалық референдум күні ерекше белсенділік байқалды. №264 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары бір мезетте жаппай дауыс беруге келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Атап айтқанда, «10 жыл Қазақстан» ауылының 200-ге жуық тұрғыны ұйымдасқан түрде сайлау учаскесіне келіп, референдумға қатысты. Тұрғындардың мұндай белсенділігі ауыл халқының ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Дауыс беру барысында барлық талаптар сақталып, учаске комиссиясы тарапынан қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Сайлаушылар тіркеуден өтіп, бюллетень алып, өз таңдауларын жасады.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, референдум – ел дамуына қатысты маңызды қадам. Сондықтан әрбір азамат өз дауысын беріп, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысуы қажет.
Жалпы, №264 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенді қатысуда.
Ұқсас материалдар

Жетісу облысы
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда
Айдар Керім·

Жетісу облысы
Области Жетісу – 4 года: в селах Ескельдинского района решен ряд многолетних проблем
Todayinfo Admin·

Жетісу облысы
Бейбіт Исабаев қаза болған құтқарушының туыстарына мемлекеттік награда табыстады
Жаннұр Еділбаева·

Жетісу облысы
Фестиваль "Цветение яблони Сиверса" прошел в Жетісу
Жаннұр Еділбаева·