«Жина қолыңды!»: Шымкентте ер адамның дөрекі әрекетін тоқтатқан әйел желіні шулатты
Фото: Видео скриншот Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер а

Фото: Видео скриншот
Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер азаматқа қатты ескерту жасағаны көрінеді.
Видео кадрларында ол ер адамға: «Әйелді ұрма, қолыңды жина!» деп қатқыл түрде тоқтау салуға тырысады.Оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшілік куәгер әйелдің әрекетін қолдап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау керегін атап өтті.
Жарияланымнан кейін полиция жұбайларды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, бұл тұрмыстық жанжал. Әйел арыз жазудан бас тартқанымен, тәртіп сақшылары ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қамауға алған. Сонымен қатар, оларға қорғау нұсқамасы да шығарылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Келінімнің денесі қораға дейін ұшып кеткен»: Арыста екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірген әйелдің мұғалім екені расталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
2 адам қаза тауып, 8-і жараланған: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Казахстан теряет сильных специалистов — эксперт
Жаннұр Еділбаева·