Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Жетісу облысының прокуратурасы 170 млн теңге сомасындағы жерді мемлекетке қайтарды

Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлайды Todayinfo агентттігі. Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жетісу облысының прокуратурасы 170 млн теңге сомасындағы жерді мемлекетке қайтарды
Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлайды Todayinfo агентттігі. Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.
"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды", - деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұқсас материалдар

Жетісу облысының прокуратурасы 170 млн теңге сомасындағы жерді мемлекетке қайтарды · Todayinfo