“Жетісу облысында жыл сайын туберкулездің 260-270 жағдайы тіркеледі. Сырқаттанушылық балалар мен жасөспірімдер арасында да кездеседі. Мысал үшін 2024 жылдың 8 айында 6 бала және 5 жасөспірім науқастанған”,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.Туберкулезге әртүрлі адамдар әртүрлі дәрежеде сезімтал болып келеді, бірақ жиі иммундық жүйесі әлсіреген адамдар ауырады. Иммундық жүйенің әлсіреуіне келесі факторлар әсер етеді: ➢ жеткіліксіз немесе құнарсыз тамақтану; ➢ уытты заттар (шылым, алкоголдік ішімдіктер, есірткі) пайдалану; ➢ қосалқы аурулары бар адамдар туберкулез ауруына бейім (АИТВ, қант диабеті, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, ұзақ уақыт гормоналды препараттарын қабылдайтын науқастар) ; ➢ Стресстер. Стресс және депрессияның ағзаның иммундық жүйесіне кері әсерін тигізетіні дәлелденген. Туберкулездің алғашқы белгілері: - 2-3 аптадан аса ұзақ жөтел; - тәбеттің болмауы; - дене салмағының төмендеуі; - жалпы әлсіздік, жайсыздық, тершеңдік (әсіресе түнгі уақытта); - жұмысқа қабілеттің төмендеуі, шаршау; - дене қызуының кезеңді жоғарылауы; - кеуде тұсының ауруы. Осындай белгілердің ең болмаса біреуі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Туберкулез ауруы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым одан тезірек айығуға болады. Алдын алу шаралары: 1) Вакцинация – БЦЖ вакцинасы қолданылады. Туберкулезге қарсы екпе перзентханада Ұлттық күнтізбеге сәйкес 0-4 күн аралығында жасалады. Аталған екпеден ата-аналардың бас тартуы да кездеседі. Екпе баланы туберкулездің асқынған, өлімге әкелетін түрлерінен сақтайтынын ұмытпаған жөн. 2) рационалды, толыққанды тамақтану; 3) дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, 4) темекі шегуден, есірткіден бас тарту, алкогольді қабылдауды шектеу, 5) еңбек және демалыс режимін сақтау, 6) стресстен, депрессиядан, жағымсыз эмоциялардан сақтану. 7) тазалықты сақтау (ылғалды жинау, жөтел этикетін сақтау). Туберкулезді анықтау әдістері: 1) Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулерден өту - өкпе туберкулезі және кеуде қуысы органдарының басқа да ауруларын анықтаудың сенімді және қауіпсіз әдісі. 2) Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында терішілік аллергиялық сынама туберкулин (Манту сынамасы) қолданылады, Манту сынамасына «оң» нәтиже берген балалар «Диаскинтест» арқылы тексеріледі, ол баланың ағзасында туберкулез ауруының бар-жоқтығын көрсетеді. 3) Сондай-ақ, қоздырғышты анықтау үшін қақырықты микроскопиялық жолмен (микроскоп арқылы) зерттейді.
Жетісу облысында туберкулез жұқтырғандар саны азайды
Бүгінде Жетісу облысында туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Биыл 8 айда туберкулезбен сырқаттанушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеді (182 жағдай, көрсеткіш – 27,7). Туберкулез – туберкулез микобактерияларымен шақырылатын, көбіне ауа-т

Бүгінде Жетісу облысында туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Биыл 8 айда туберкулезбен сырқаттанушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеді (182 жағдай, көрсеткіш – 27,7).
Туберкулез – туберкулез микобактерияларымен шақырылатын, көбіне ауа-тамшылы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез адам ағзасында жиі өкпені зақымдайды; сондай-ақ лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегеді.
Аурудың жұғу көзі - белсенді өкпе туберкулезімен науқастанған адам. Науқас жөтелу, сөйлеу, түшкіру кезінде ауаға көптеп бактерияларды бөледі. Құрамында туберкулез қоздырғыштары бар ұсақ аэрозольдар ауада қалқып 1-1,5 сағатқа дейін сақталады, желдетілмейтін бөлмеде қоздырғыш сау адамның ағзасына енуі мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·