Баланың анасы кісі өлтіру күдігіне ілінді.
Бұл қайғылы жағдай Баткен облысында болған. Құқық қорғау органдары қылмысқа баланың анасын күдікті ретінде қарастырып отыр.
Күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғаны белгілі, алайда қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр.«Бірнеше күн бұрын Раззақов қаласында 18 жастағы қыз босанып, сәбиін дәретхананың шұңқырына тастаған. Кейін оны шығарып алып, өткір затпен жарақаттаған», – делінген хабарламада.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда.




