Жас мұсылман Нью-Йорк мэрі болып сайланды
34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі болып сайланды. Ол сайлауда Дональд Трамп қолдаған тәуелсіз кандидат Эндрю Куомоны жеңді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мамдани – Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр. Сайлау науқ

34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі болып сайланды. Ол сайлауда Дональд Трамп қолдаған тәуелсіз кандидат Эндрю Куомоны жеңді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мамдани – Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр. Сайлау науқаны кезінде ол жалдауға берілетін тұрғын үйлердің бағасын бақылау, қоғамдық автобустарды тегін ету және бала күтімі қызметтерін қолжетімді ету сияқты бастамаларды ұсынған болатын.
Жаңа мэр өз сөзінде қала тұрғындарының әлеуметтік теңдігі мен өмір сапасын арттыруды басты мақсат ететінін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк демократтар билігіне өтсе, қалаға бөлінетін федералды қаржыландыруды қысқартатынын ескерткен еді.
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·