Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жаңару күні Түркістан қаласында 10 мың түп ағаш отырғызылды — Әзімбек Пазылбекұлы

Бұл күнде әдетте табиғатқа деген қамқорлығын  көрсетіп, көгалдандыру жұмыстары мен экологиялық бастамаларға ерекше назар аударылады. Бұл үрдіс биыл Түркістанда жалпыхалықтық акцияға ұласты, деп хабарлайды Todayinfo. Қала басшысы, халқымыз үшін Наурыз мерекесі тек қана жаңа ж

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Жаңару күні Түркістан қаласында 10 мың түп ағаш отырғызылды — Әзімбек Пазылбекұлы
Бұл күнде әдетте табиғатқа деген қамқорлығын  көрсетіп, көгалдандыру жұмыстары мен экологиялық бастамаларға ерекше назар аударылады. Бұл үрдіс биыл Түркістанда жалпыхалықтық акцияға ұласты, деп хабарлайды Todayinfo. Қала басшысы, халқымыз үшін Наурыз мерекесі тек қана жаңа жылдың келуі емес, сонымен қатар жаңарудың, табиғатқа, айналамызға деген сүйіспеншіліктің нышаны болып табылатынын айтты.
«Осы орайда, бүгін қаламызда қала тұрғындарының, әр түрлі этнос өкілдерінің, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен 10 000 түп ағаш отырғызылды. Бұл ағаштар Түркістанның бес түрлі аумағында қаламыздың жасыл желегін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізбек», — деді қала әкімі.
Ағаштардың ішінде қылқан жапырақты ағаштар, қайың және акация, айлант түрлері бар. Бұл ағаштар ауа сапасын жақсартуға, көгалдандыру жұмыстарын тиімді жүргізуге көмектеседі.
«Естеріңізде болса, осыған дейін 1 наурыз күні - 5000 түп көшет отырғызылған болатын. Биыл жыл соңына дейін 197 000 ағаш отырығызуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта соңғы 5 жылда отырғызылған 1 млн 200 мыңнан астам ағаш қаламыздың жасыл алқаптарын кеңейтіп келеді.
Сондай-ақ, қалада 658 га көгалды аумақ болса, жасыл қалаға айналдыру мақсатында биыл тағы 250 га аумаққа гүлдер мен ағаштар отырғызу жоспарлануда», — деді Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Ұқсас материалдар

Жаңару күні Түркістан қаласында 10 мың түп ағаш отырғызылды — Әзімбек Пазылбекұлы · Todayinfo