Жамбылдың жабайы жігіті: 155 рет жол ережесін қасақана бұзған жүргізушінің айыппұлы машинасының құнынан асып кетті
Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Құқы

Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.
Сондай-ақ, 29 рет «тоқта сызығы» сияқты жол белгілері талаптарын сақтамай, ережелерге немқұрайлылық танытқан.
Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.
Жүргізуші ҚР ӘҚБТК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қасақана және жүйелі түрде бұзу жол-көлік оқиғаларына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Почему местный бизнес годами проигрывал маркетплейсам – и что меняет ЕАЭС?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·