Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»: Мөлдір Әуелбекованың анасы қызына қайта тұрмысқа шығуға кеңес берді

Фото: aikyn.kz Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен бірге Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламаның қонағы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сұхбат барысында әншінің анасы қызының жеке өміріне алаңдайтынын ашық айтты. – «Мен өз өмірімді жолдасымсыз елес

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»: Мөлдір Әуелбекованың анасы қызына қайта тұрмысқа шығуға кеңес берді

Фото: aikyn.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен бірге Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламаның қонағы болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында әншінің анасы қызының жеке өміріне алаңдайтынын ашық айтты.

«Мен өз өмірімді жолдасымсыз елестете алмаймын. Бірге қартайып, бірге ғұмыр кешуді тілеймін. Адамға қандай жағдайда да жан серік керек. Егер сондай жан жолықса, ойлан деп үнемі кеңес айтамыз. Бірақ өмір – сынақ, бәрін алдын ала болжау мүмкін емес. Мен қызыма жиі айтамын: жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Қазір екі қанатың – біз бармыз, бірақ ертең біз кеткен соң өмір басқа арнаға бұрылады. Сол кезде қызың мен ұлың үшін де ойлану керек», – деді Мөлдірдің анасы.

Ол қызын өмірлік серік табуға, отбасылық бақыттан қорықпауға шақырып, «бақытқа екінші мүмкіндік әркімге беріледі» деген ойын жеткізді.

«Жалғыздық әйелге жараспайды, махаббатқа әрдайым орын бар», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас материалдар

«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»: Мөлдір Әуелбекованың анасы қызына қайта тұрмысқа шығуға кеңес берді · Todayinfo