«Бұл түн тек музыка үшін ғана емес, қоғам қауіпсіздігі үшін де маңызды болды», – деп атап өтті.
Ыстамбұлда Джастин Тимберлейк концерті кезінде теракт бола жаздады
Түркияның Стамбул қаласында белгілі америкалық әнші Джастин Тимберлейктің концерті кезінде жоспарланған терактінің жолы кесілді. Бұл туралы Türkiye Gazetesi басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo. Оқиға Стамбұл те

Түркияның Стамбул қаласында белгілі америкалық әнші Джастин Тимберлейктің концерті кезінде жоспарланған терактінің жолы кесілді. Бұл туралы Türkiye Gazetesi басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиға Стамбұл техникалық университетінің (İTÜ) стадионында өткен концерт кезінде орын алды. Тимберлейк Стамбул сахнасына 11 жылдан кейін алғаш рет шыққан болатын. Концерт аясында мыңдаған көрермен жиналып, іс-шара жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен өтті. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 1000-нан астам полиция қызметкері, оның ішінде арнайы жасақ, жедел уәкілдер және терроризммен күрес бөлімшелері жұмылдырылды.
Концерт қарсаңында әлеуметтік желілер мен жабық платформаларда түрлі топтар тарапынан шабуыл жасалуы мүмкін екені туралы ескерту белгілері пайда болған. Билік бұл ақпаратты назарға алып, қауіпсіздік шараларын күшейткен. Уақытылы жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қауіптің беті қайтарылып, концерт ешқандай оқиғасыз, қауіпсіз түрде өтті.
Концерт ұйымдастырушылары қауіпсіздік шараларына түсіністік танытқан көрермендерге алғыс айтып, ресми мәлімдемесінде:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·