Украина соғысқа қатысқан екі қазақты Ресейге қайтарды
Пасха мерекесінің алдында Ресей мен Украина арасында әскери тұтқын алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo. «Наш Выход» телеграм арнасы жазғандай, елге 246 ресейлік әскери қызметкер оралған. Жарияланған тізімде Қазақстан Республикасының екі азаматының есімі де көрсетілген. О

Пасха мерекесінің алдында Ресей мен Украина арасында әскери тұтқын алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
«Наш Выход» телеграм арнасы жазғандай, елге 246 ресейлік әскери қызметкер оралған. Жарияланған тізімде Қазақстан Республикасының екі азаматының есімі де көрсетілген. Олар 2002 жылы туған Ерболат Ордабаев пен 2005 жылы туған Шерхан Егамбердиев.
Қазіргі таңда бұл азаматтардың соғысқа қалай қатысқаны немесе қандай жағдайда тұтқынға түскені белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін, 8 сәуір күні Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды шетелдегі соғыс қимылдарына қатысудан сақ болуға шақырып, мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерткен еді. Қазақстан заңдары бойынша, өзге елдегі қарулы жанжалдарға қатысқандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: Getty images
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·