Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Ұтпаса да сыйлай беріңізші»: Мөлдір Әуелбекова Баянның кәсіпкер күйеуіне өтініш айтты

Фото: коллаж Todayinfo.kz Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасап, ой тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген еді. “Тұ

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Ұтпаса да сыйлай беріңізші»: Мөлдір Әуелбекова Баянның кәсіпкер күйеуіне өтініш айтты
Фото: коллаж Todayinfo.kz Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасап, ой тастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген еді.
“Тұрсен ағай! Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты! Бір қуанып қалсыншы”, – деп жазды әнші.
Одан кейін стадионда тыныш отырған жанкүйерлердің іс-әрекетін сынады.
“Түнімен бір сұрақ мазалады: Неге стадион тыныш, үнсіз отырды? Әлі жанкүйер болуды білмейтін болып тұрмыз ғой. Қоңыр киім киіп, телефонға түсіруді қатырдық. Бірең-сараң ғана сары түс болды. Ту туралы айтпай ақ та қояйық. Біз ұтылдық. Бұл – біздің айна. Қай деңгейдеміз, қай жаққа өсу керек екеніміздің көрсеткіші. 1902 жылдан бергі Реалдың кәсібилігіне төтеп берген жап жас “Қайрат” мықты! Болашақ жарқын! Боранбаев Қайрат Советайұлына алғыс!”, – деп жазды өнер иесі.

Ұқсас материалдар

«Ұтпаса да сыйлай беріңізші»: Мөлдір Әуелбекова Баянның кәсіпкер күйеуіне өтініш айтты · Todayinfo