«Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетілімі өтті
«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті. Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті.
Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне «Алтын Models» модельдік агенттігінің арулары, сондай-ақ «Бикеш Этно» және «Айлин ательер» сән үйлері қатысты. Сондай-ақ шараға «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Баян Адырбекова және журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова, Түркістан қалалық «Жастар орталығының» басшысы Айдар Лескенов қатысып, Ұлттық киім күнінің маңызына тоқталды.
Өзбекәлі Жәнібектің немересіне арнап тіккен ұлттық киімі келушілердің назарын бірден өзіне қаратты. Кеш соңында кітапхана директоры сөз алып, мерекелік кешке қатысқан сән үйлеріне және модельдік агенттікке алғыс білдірді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Молодежь и креаторы Алматы одними из первых получили специальное издание новой Конституции от Президента
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Экологические слушания по новому Генплану Алматы пройдут 30 июня
Жаннұр Еділбаева·