Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Ұлдарым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін»: Шаншар театрының актері шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот "Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo   ақпарат порталы. «Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Ұлдарым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін»: Шаншар театрының актері шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот "Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
«Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген. Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен. Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда. Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын», — деп күлді актер Ғалымжан Қаппаров.

Ұқсас материалдар

«Ұлдарым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін»: Шаншар театрының актері шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО) · Todayinfo