UFC Шавкат Рахмоновты жартылай орта салмақ рейтингінен алып тастады
Фото: bloodandsweat.ru Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресми рейтингтен түсіп қалды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұған дейін дивизионда екінші орында тұрған әрі чемпиондық белдікке басты үміткерлердің бірі саналған «Ном

Фото: bloodandsweat.ru
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресми рейтингтен түсіп қалды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұған дейін дивизионда екінші орында тұрған әрі чемпиондық белдікке басты үміткерлердің бірі саналған «Номадтың» есімі UFC-дің жаңартылған рейтингінде мүлде аталмайды.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, мұндай шешім спортшының денсаулығына байланысты қабылданған. Соңғы хабарламаларда Рахмоновтың тізе жарақаты қайта асқынып, соның салдарынан ол 9–10 айға дейін октагоннан тыс қалуы мүмкін екені айтылған. Ұзақ уақытқа созылатын үзіліс UFC-ді рейтингті қайта қарауға итермелеп, өзге файтерлерге жол ашқан сыңайлы.
Жаңартылған тізімге сәйкес, жартылай орта салмақта көш басында бұрынғыша Джек Делла Маддалена тұр. Екінші орынға Шавкаттың бұрынғы қарсыласы Иэн Мачадо Гэрри көтерілсе, үздік үштікті Майкл Моралес түйіндеді. Сонымен қатар топ-15 қатарына Майкл Пейдж енді. Ал дивизиондағы чемпиондық белдік қазіргі таңда Ислам Махачевтың иелігінде.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·