Үш қылмыстық іс қозғалды: Алматы әуежайында жалғызбасты ананы кепілге алған зейнеткер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде бомба ба

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде бомба барын айтып, жолаушыларды қорқытқан.
Болған жағдайға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды:
Кепілге алу (қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді;
Қару қолданып бұзақылық жасау (қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (қылмыстық кодекстің 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Фото: видеодан скриншот
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·