Үш адам қыршын кетті: Әл-Фараби даңғылындағы апаттан қаза тапқандардың туыстары әділдікті талап етті
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты көпшіліктің назарын аударды. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, олардың жақындары әділдік іздеуде. Апат 21 наурызда тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr 9X көлігі қарсы жолға шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқ

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты көпшіліктің назарын аударды. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, олардың жақындары әділдік іздеуде.
Апат 21 наурызда тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr 9X көлігі қарсы жолға шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апаттан 29 жастағы жүргізуші және 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз қаза тапқан.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Zeekr көлігін 32 жастағы алматылық кәсіпкер Александр Пак басқарған. Куәгерлердің айтуынша, апат түні бұл көлік басқа көлікпен жарысқа қатысқан болуы мүмкін.
Соқтығыс салдарынан күдікті жүргізуші ауыр жарақат алып, денесінің бірнеше сүйегі сынған.
Марқұмның достары мен туыстары істің ашық әрі әділ тергелуін талап етіп, кінәлілердің заң алдында жауап беруін сұрап, құзырлы органдардан істі ерекше бақылауға алуын өтінуде.
Фото: Kozachkov_offside
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·