- Жаңа жұмыс орындарының ашылуы – Фабрика іске қосылғаннан кейін жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болады.
- Экспорттық әлеуеттің артуы – Кілем фабрикасының өнімдері халықаралық нарыққа шығарылып, Түркістан өңірінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл экономиканың дамуына тың серпін бермек.
- Инновациялық технологиялар енгізу – Фабрикада заманауи өндіріс технологиялары қолданылатын болады. Бұл өңірдегі өндірістік мәдениетті дамытуға септігін тигізеді.
- Жергілікті бренд қалыптастыру – Түркістанның өзіндік кілем өнімдері бренд ретінде қалыптасып, өңірдің экономикалық және мәдени ерекшелігін танытатын болады.
- Шетелдік инвестиция тарту – Бұл жоба өзге инвесторларға да үлгі болып, Түркістан өңірінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның белгілі кәсіпкері әрі инвесторы Искендер Капланмен кездесу өткізіп, өңірде жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл кездесу екіжақты экономикалық ынтымақтастықты күшейтіп, инвестиция тартуға арналған на

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның белгілі кәсіпкері әрі инвесторы Искендер Капланмен кездесу өткізіп, өңірде жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл кездесу екіжақты экономикалық ынтымақтастықты күшейтіп, инвестиция тартуға арналған нақты қадамдардың бірі болды.
Түркістан мен Түркия: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды Түркия Республикасының Қазақстан үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, екі ел арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
«Қазақстан, әсіресе Түркістан облысы үшін Түркияның орны айрықша. Біз – түбі бір бауырлас елдерміз. Түркістан қаласы және Қожа Ахмет Ясауи бабамыз түрік ағайындар үшін де ерекше маңызға ие. Біздің мақсатымыз – өңірде өндіріс орындарын ашып, инвестиция тарту. Осы жолда шетелдік кәсіпкерлермен тұрақты келіссөздер жүргізіп келеміз. Түркияның өндірістік тәжірибесі мен мүмкіндіктерін өңірімізде қолдануға әрдайым дайынбыз», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды жауапты органдарға түркиялық инвесторлардың жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылым мен өндірістік алаңдарды дайындау бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Milat Hali» компаниясының әлеуеті
Кездесу барысында «Milat Hali» компаниясының басқарма төрағасы Искендер Каплан Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай заманауи кілем фабрикасын салуға мүдделі екенін жеткізді.
Искендер Каплан: «Тарихи Түркістанға келгеніме өте қуаныштымын. Бұл киелі шаһар мені ерекше тартып тұрады. Түркістанның Түркі әлеміндегі орны айрықша. Біздің компания кілем және кілем бұйымдарын өндіру саласында халықаралық деңгейде мойындалған кәсіпорын. Біз әлемнің көптеген еліне өнімдерімізді экспорттаймыз. Түркістанда да жаңа заманауи кілем фабрикасын ашуға дайынбыз. Жұмысты жедел бастап, сапалы өнім шығаруға ниеттіміз», – деді ол.
«Milat Hali» – кілем өндірісі бойынша әлемге танымал компаниялардың бірі. Олардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленіп, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие. Жаңа фабрика Түркістан өңірінің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдегі экспорттық мүмкіндіктерді күшейтуге де үлкен үлес қоспақ.
Жобаның Түркістан облысы үшін маңызы
Түркістанда салынатын кілем фабрикасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бірнеше бағыт бойынша оң әсер етеді:
Ұқсас материалдар

Түркістан қаласы
Түркістанда «Senat Open» шахмат кубогының іріктеу кезеңі аяқталды
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Түркістан қаласы
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·