Түркістан қаласында 3069 түлек мектеп бітірді
Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше аталып өтілуде. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Төле би атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте өткен соңғы қоңыра

Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше аталып өтілуде.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Төле би атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.
-Сіздерге сенім артып отырған ел бар, үміт күткен ата-ана, талмай еңбек еткен ұстаз бар. Арманға апарар жол – білім мен еңбектен басталатынын ұмытпаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де туған жердің, қасиетті Түркістанның атын абыроймен шығарыңыздар! Сіздерге ақ жол, жарқын болашақ, сәттілік пен табыс тілеймін! – деді қала басшысы.
Түркістан қаласында биыл 55 252 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында 3069 оқушы 11-сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасты. Олардың ішінде 244 түлек «Үздік аттестатқа», 183 түлек «Алтын белгіге» үміткер бар. 44 мектептен 2799 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.
Ұқсас материалдар

Түркістан қаласы
Түркістанда «Senat Open» шахмат кубогының іріктеу кезеңі аяқталды
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

Түркістан қаласы
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

Түркістан қаласы
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·