Түркістан облысының Төрткүл ауылында колледж студентінің денесі табылды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті растады.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысын полиция басшылығы қатаң бақылауына алған.«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыз баланың мәйіті табылды. Ол - колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.




