Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңірдің ішінде
Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған өңірлер арасында көшбасшылардың бірі атанды. 2024 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша, облыста туризм бағытындағы инвестициялық жобалардың жалпы құны 43,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Түркістан о

Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған өңірлер арасында көшбасшылардың бірі атанды. 2024 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша, облыста туризм бағытындағы инвестициялық жобалардың жалпы құны 43,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Түркістан облысын Астана және Алматы қалаларынан кейін үшінші орынға шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылы тамақтану және ойын-сауық бағытындағы инвестициялық жобалардың құны 53,5 млрд теңгені құраған болса, ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында 43,6 млрд теңге көлеміндегі инвестиция салынды. Бұл мәліметтер туризм саласына деген инвесторлардың қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
2024-2025 жылдарға жоспарланған жалпы құны 49,3 млрд теңгені құрайтын 47 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалар аясында қонақ үйлер, демалыс орындары, аквапарктері бар бес жұлдызды қонақ үйлер мен апартаменттер салынуда. Бұл нысандар туристерге жайлы әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Әкімдік тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуы ерекше бақылауға алынған.
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·