Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Трамп әрбір америкалық азаматқа 2 мың доллар төлеуге уәде етті

Фото: © Aaron Schwartz — Pool via CNP   АҚШ президенті Дональд Трамп кедендік баж салығынан түскен қаражат есебінен ел азаматтарына 2000 доллардан төлеуге уәде берді, деп жазады Todayinfo.kz Трамптың айтуынша, АҚШ қазір баж салығынан триллиондаған доллар табыс тауып отыр, ал

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Трамп әрбір америкалық азаматқа 2 мың доллар төлеуге уәде етті
Фото: © Aaron Schwartz — Pool via CNP  АҚШ президенті Дональд Трамп кедендік баж салығынан түскен қаражат есебінен ел азаматтарына 2000 доллардан төлеуге уәде берді, деп жазады Todayinfo.kz Трамптың айтуынша, АҚШ қазір баж салығынан триллиондаған доллар табыс тауып отыр, ал жақын уақытта 37 триллион доллар көлеміндегі мемлекеттік қарызды өтеу процесін бастайды.
«Кедендік баждарға қарсы шыққандар – ақымақтар. Біз – әлемдегі ең бай және ең құрметті елміз. Инфляция нөлге жуық, қор нарығындағы акция бағасы рекордтық деңгейге жетті. АҚШ-қа бұрын-соңды болмаған көлемде инвестициялар келіп жатыр, ел бойынша зауыттар мен фабрикалар көбеюде»,  – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Айта кетейік, биыл сәуір айында Ақ үй басшысы бірқатар мемлекетке қатысты жаңа кедендік тарифтер енгізілетінін жариялады.

Ұқсас материалдар

Трамп әрбір америкалық азаматқа 2 мың доллар төлеуге уәде етті · Todayinfo