Қазақстанда бет-жүзді жабатын киімдерге, соның ішінде паранджа, никаб және өзге де жабық киімдерге тыйым салу ұсынылып отыр. Тиісті түзетулер 2025 жылғы 10 маусымда Сенат отырысында «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын талқылау барысында қаралды, деп хабарлайды Todayinfo интернет порталы.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, тыйым мынадай жағдайларда ғана қолданылмайды. Атап айтқанда:
- Заң талабына сәйкес киінуге мәжбүр болғанда;
- Медициналық мақсатта;
- Азаматтық қорғаныс кезінде;
- Ауа райының ерекше жағдайларында;
- Спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.




