Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Тоқаев Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді. Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды. Фото: Ақорда

Ұқсас материалдар

Тоқаев Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады · Todayinfo